Солтүстік Қазақстан облысында жолдардың 600-ге тарта шақырымы жөнделді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солтүстік Қазақстан облысында жолдардың 600-ге тарта шақырымы жөнделді

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеуге 18,6 млрд теңге бағытталды. Бөлінген қаржының 15,3 млрд теңгесі – республикалық бюджет қаражаты. Қаржыландыру есебінен өңірдегі жолдардың 8 шақырымы қайта жаңартылып, 17 шақырымы күрделі, 333 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ, жол төсемдерінің 240 шақырымы ресайклинг әдісімен жөнделуде.

Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1468 шақырымды құрайды. Олардың 86,4% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. Жергілікті желіге тиесілі 7530 шақырым жолдың 39% нашар жағдайда деп бағалануда.

Еске салайық, 2019 жылы республика бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 4,6 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Бұл мақсаттарға 218 млрд теңге бөлінген болатын.


Көзі: Yunews.kz