Нұр-Сұлтанда Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған ауыр атлетикадан турнир өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтанда Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған ауыр атлетикадан турнир өтті

444

Smiley faceФото Оlympic.kz

Назарбаев Университетінің спорт кешенінде  ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы, аты аңызға айналған Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған республикалық ашық турнир өтті, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Халықаралық біріншілікке Қазақстан мен ТМД елдерінен 70-тен астам спортшы қатысты. Әр түрлі салмақтағы ерлер арасында бірінші орынды Кирилл Староверкин (Қарағанды облысы), Евгений Ломанов (Қызылорда облысы), Артем Антропов (Қарағанды облысы) және Ринат Қалиекберов (ШҚО) иеленді.

Әйелдер арасында құрмет тұғырының жоғарғы сатысына Диана Жүсіпбекова Ақмола облысы), Дарья Павлова (ШҚО) және Екатерина Столяренко (Ақмола облысы) көтерілді.

"Анатолий Храпатыйдың есімі тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі. Осындай деңгейдегі спортшылар - бүкіл әлемдік спорттың мақтанышы. Анатолий Михайловичтың еңбегі  арқасында біздің республикамызда ауыр атлеттердің бір шоғыры пайда болып, олар ең жоғары марапаттар мен титулдарға ие болды, Олимпиада чемпиондары мен Әлем чемпиондары болды. Біздің жастарымыз үшін Анатолий Храпатый  төзімділік пен ерліктің үлгісі болып қала береді. Өткізілген іс-шара ұлы спортшыны еске алу ғана емес, сонымен қатар қазіргі жастар үшін бағыт- бағдар, әрбір атлет халықаралық спорт алаңдарында біздің елімізді даңққа бөлеп, биік тұғырдан көрінуге тырысуы керек", - деді ҚР ААФ атқарушы директоры Алдияр Нұралинов.

Сондай-ақ осы күндері Назарбаев Университетінің қабырғасында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, онда елдің барлық өңірлерінен келген 150-ден астам спортшы үздік атануға тырысты.  Жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының құрамасы жасөспірімдер мен қыздар арасында көш бастады. Екінші орын ШҚО командасына бұйырды. Жасөспірімдер арасындағы үздік үштікті Қарағанды облысының құрамасы аяқтады, ал қыздар арасында Алматы қаласының спортшылары үшінші орынға ие болды.


Көзі: Yunews.kz