Метеорит іздеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Метеорит іздеді

444

Smiley faceФото: «Прииртышье» өлкетану қоғамы

Жақында «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері экспедициядан оралды. Олар Семей маңында метеорит іздеген. Аңыз бойынша өткен ғасырдың басында Талица ауылының ауданында аспан денесі құлап, орманда үлкен өрт болған.

"Біз осы метеоритті табу керек деген міндет алдық. Біз орман шаруашылығына барып, "Семей Орманы" компаниясымен келістік. Олар бізге көмектесуге ұсыныс берді. Орманшылар орманды жақсы біледі, сондықтан біз олардан орманда  метеориттің құлауы мүмкін қызықты жерлер туралы айтып беруді сұрадық", - деді экспедицияның басталуы туралы "Прииртышье" өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов.

Smiley faceФото: «Прииртышье» өлкетану қоғамы

Орманшылар өлкетанушыларға орманда жұмбақ орын бар екенін айтты. Бұл аумақта белгісіз қожбен көмілген екі шұңқыр бар.

"Шынымен де ол жерде шұңқырлар бар екен. Бірақ, олар шағын және пішімі дұрыс.  Ішінде және сыртында қож көп. Онда балқытылған кесектер жатты. Олар ауыр емес, жеңіл болды.  Біз оларды металл іздегішпен дыбыстауға тырыстық және магниттерді, сондай-ақ компастарды пайдаландық. Бірақ ешқандай аномалия табылған жоқ, металдар жоқ. Метеориттің өзі табылған жоқ, және бұл нұсқа әлі расталмады.  Біз табылған қождың іздерін талдауға алдық", - деп түсіндірді Марат Сасанов.

Бірақ бұнымен іздеу аяқталған жоқ. Осы жерден кетіп бара жатқанда  өлкетанушылар керамика қалдықтарын тапты. Фрагменттер қола дәуіріне жатады, яғни оларға бірнеше мың жыл болған, деп болжайды өлкетанушылар.

Smiley faceФото: «Прииртышье» өлкетану қоғамы

"Біз тек бір фрагментті ғана емес, үш түрлі ыдыс таптық. Бұл жерде қоныс  болды деп сеніммен айтуға болады. Және бізде бірден бірнеше болжам пайда бар. Біріншіден, бұл аумақ шынымен де метеориттің құлау орны болуы мүмкін. Екіншіден, біз керамика таптық. Демек, бұл жерде қоныс болған және осы шұңқырлар, қождар — бұл ыдыстар күйдірілген пештер.  Үшінші нұсқа, аталған жерге найзағай соғуы мүмкін және үлкен температура құм мен кварцтың балқуын тудыруы мүмкін", - деді Марат Сасанов.

Smiley faceФото: «Прииртышье» өлкетану қоғамы

Келесі жылы Семей өлкетанушылары шұңқырларда табылған керамика мен қождардың пайда болуын анықтау үшін осы жерде қазба жұмыстарын жүргізуге ниетті.

Smiley faceФото: «Прииртышье» өлкетану қоғамы


Көзі: yunews.kz