Семейде Мәншүк Мәметованың ағаш мүсініне қатысты дау-дамай жалғасуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейде Мәншүк Мәметованың ағаш мүсініне қатысты дау-дамай жалғасуда

444

Smiley faceФото: semey_zhaloby

Әлеуметтік желілерде Семей тұрғындарының наразылығын тудырған  Мәншүк Маметованың ағаш мүсіні жуырда Жеңіс саябағынан алынып тасталды, бірақ кейіннен ол Семейдегі балабақшаның бірінде табылды.

Қалада жауынгер қыздың мүсіні айналасында тағы да шу шықты. Қала билігі мүсін бөлшектеніп әкетілгенін хабарласа да, кешке қарай әлеуметтік желіде тағы да оған қатысты сурет жарияланды. Бұл жолы мүсіннің бейнесі өзгертілген, және қалалық балабақшалардың бірінде орнатылған. Кейіннен БАҚ-та  бұл мүсін – Мәншүк Маметованың мүсіні деген ақпарат тарады.

«Мен 45 жастамын, мүсінді көргенде, балалар түгілі менің өзімнің тілім байланып қала жаздады», - деп жазды бір пайдаланушы әлеуметтік желіде, оның айтуынша, балалар балабақшаға баруға қорқатын болды. 

Әкімдіктен хабарлағандай, БАҚ-та резонанс  тудырған сарбаз қыздың ағаш мүсінінің эскизі билікпен келісілмеген. Ол автормен бөлшектелді, және одан әрі еш жерде пайдаланылмайды.

"Балабақша басшылығы бір күн ішінде мүсінді қойды. Ол композицияға сай келмеген соң, оны иесіне қайтарып берді. Бұл мүсіннің Мәншүк Мәметоваға ешқандай қатысы жоқ", - деп түсіндірді қалалық әкімдікте.

Сонымен қатар әкімдікте, бұдан кейін қаланы абаттандыру аясында шағын сәулет кескіндерін дайындау және орнату арнайы құрылған комиссияның келісімі бойынша сарапшыларды тарта отырып жүргізіледі деп толықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыстың авторлары Куртуковтар отбасы  болып табылады. Олар Семейге ескі ағаштарды декоративтік өңдеу үшін қала әкімінің шақыруымен келген. Иван Куртуковтың жұмыстары қалалықтарды таң қалдырды. Абай алаңында бірнеше әсем мүсіндер пайда болды.

Ерлі-зайыптылар өз идеяларымен бөлісіп, Жеңіс саябағындағы ескі ағашты қайта өңдеуді ұсынды. Жергілікті биліктен рұқсат алған Иван жұмысқа кірісті. Ол бензоараның  көмегімен  жауынгер қыздың мүсінін дайындады. Бірақ қала тұрғындары мүсінді бағаламады.


Көзі: yunews.kz