Ақтауда атышулы бейнедегі дәрігер үш тәулікке қамауға алынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда атышулы бейнедегі дәрігер үш тәулікке қамауға алынды

444

Smiley face

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты облыстық стоматологиялық орталығының дәрігеріне қатысты материалдарды қарап, осындай шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде желіде стомотологтың БЦП-мен зардап шегетін 7 жасар балаға қатысты  қатал қарым-қатынас жасаған бейнежазбасы тарады.  Баланың анасы бейнекамерадан жазбаны көргеннен кейін,  дереу полицияға арыз жазды. Тексеру жүргізілгеннен және медициналық сараптама қорытындысын алғаннан кейін полиция қызметкерлері әкімшілік материал жасап, оны сотқа берді.

"Дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша  айыпталған. Судья ер адамды кінәлі деп танып, 3 тәулік мерзімге қамауға алу жазасын тағайындады",- деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Енді баланың анасы азаматтық сотқа моральдық шығынды өтеу туралы талап арыз бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтауда стоматологиялық клиникада баламен қатал қарым-қатынас түсірілген бейнежазба  пайда болды.

Кейін стоматологиялық орталықтың басшысы өзінің қызметкері үшін кешірім сұрап, дәрігер бап бойынша жұмыстан босатылғандығын хабарлады.


Көзі: yunews.kz