Шығыс Қазақстан облысының алты тұрғыны Қызыл кітапқа енген өсімдікті жинағаны үшін ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстан облысының алты тұрғыны Қызыл кітапқа енген өсімдікті жинағаны үшін ұсталды

444

Smiley faceФото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Тарбағатай ұлттық паркінің, 2017 әскери бөлімінің қызметкерлерімен және ШҚО бойынша ҰҚКД Зайсан аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктің түрі ретінде енгізілген 20-дан астам алтын тамыр тасымалдаған тұлғалар тобын анықтады.

"Бұл факті Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің "Ашылы" учаскесінде анықталды,  ұсталған азаматтар алтын тамырға ұқсас өсімдіктерді қазып алған. Олардың барлығы 35-тен 55 жасқа дейінгі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тұрғындары",- деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта 339-бап "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алынған өсімдіктер ерекше қорғалатын мәртебесін анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

Департаментте, егер сараптама алынған қаптарда шын мәнінде алтын тамыр болғанын дәлелдесе, ұсталғандарға 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе түзету жұмыстары немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру қаупі төніп тұр деп атап өтті.


Көзі: yunews.kz