Байқоңырда РФ-ға жалға берілген 11,6 мың гектар жер қайтарылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Байқоңырда РФ-ға жалға берілген 11,6 мың гектар жер қайтарылады

444

Smiley faceФото: obk.kz

 

Бүгін Мәжілісте "Қазақстан Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды. Хаттамаға 2017 жылы 9 қарашада Челябинск қаласында қол қойылған еді.

Хаттамамен "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартына №2 қосымшаға өзгеріс енгізіледі, ол РФ-ға жалға берілетін 11,6 мың га жер учаскелерін қайтаруды көздейді.

"Жалпы ауданы 11,6 мың га болатын төрт жер учаскесі жалға беруден шығарылады. Сұрақты шешу үшін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті бойынша аумағы 1740 гектар екі учаске қайтарылады.  Аумағы 9950 гектар екі учаске "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізін, Алматы-Мәскеу теміржолын салу және пайдалану үшін және "Бейнеу-Шымкент" газ құбырының желілік бөлігі үшін шығарылады", - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Осы учаскелерді жалға алудан шығару ресей тарапының жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерін қысқартпайды. 

"Бұл жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді", - деп нақтылады Сапархан Омаров.


Көзі: yunews.kz