Депутаттар "Ұлттық пантеон" ұғымын заңды түрде бекітті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Депутаттар "Ұлттық пантеон" ұғымын заңды түрде бекітті

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" заң жобасын, сондай-ақ оған енгізілген түзетулерді жалпы отырыста екінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң жобасында алғаш рет заңнамалық деңгейде "Ұлттық пантеон" ұғымы бекітілген.

"Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар заң жобасының құрылымын және құқықтық нормалардың редакциясын жақсартуға,"сакральды объектілер","археологиялық жұмыстар","тарихи-мәдени мұра объектілері","тарихи-мәдени сараптама" ұғымдарының редакциясын нақтылауға және жақсартуға бағытталған түзетулер енгізді. Бұдан басқа, алғаш рет заңнамалық деңгейде "Ұлттық пантеон" ұғымын бекіту ұсынылды", - делінген Мәжіліс комитетінің қорытындысында.

Ұлттық пантеон мәселесін Үкімет шешетін болады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) Ұлттық пантеон туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

3) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды", - делінген құжат мәтінінде.

 


Көзі: yunews.kz