Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза күшейтіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза күшейтіледі

444

Smiley faceФото: alau.kz

Жалпы алғанда, "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы (бұдан әрі - Заң жобасы) әкімшілік заңнаманы жетілдіру, жауапкершілікті ізгілендіру, мемлекеттік органдар мен биліктің өкілеттігін шектеуге бағытталған.

Атап айтқанда, депутаттар тарапынан жекелеген құқықбұзушылықтар қысқартылып, кодекстен алынып тасталды. Өйткені мұндай даулар сотта азаматтық талап қою тәртібімен азаматтарды әкімшілік жауаптылыққа тартпай шешілуі мүмкін.

Бірқатар құқықбұзушылықтар бойынша айыппұл санкцияларының мөлшері төмендетілді, сондай-ақ қолданыстағы әкімшілік жазалар әлдеқайда жеңіл жазаларға ауыстырылды.

Сонымен қатар, депутаттардың ұсынысы бойынша жол жүрісі саласындағы жекелеген бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылды.

«Мысалы, жүргізуші құқығынан айырылған адамға көлік құралын жүргізгені үшін 50 АЕК-ке айыппұл салынады. Қазір мұндай айыппұл 10 АЕК-ті құрап отыр. Сондай-ақ осындай тәртіп бұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл 20-дан 70 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл түзету қазақстандықтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин.

Бұдан басқа, оларды жасағаны үшін кәсіпорындар қызметін немесе қызмет түріне лицензияларды уәкілетті мемлекеттік орган тікелей сотқа жүгінбей тоқтата тұруы мүмкін 37 құқық бұзушылық белгіленді.

"Бұл түзету ең талқыланатын түзетулердің бірі болғанын атап өтейін. Депутаттарды бақылаушылар тарапынан мүмкін болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және кәсіпкерлерде пайда болатын тәуекелдер алаңдатты. Соңында біз соттардан жекелеген өкілеттіктерді мемлекеттік органдарға беру, бірінші кезекте, олардың өздерін тәртіпке келтіру үшін қажет деген шешімге келдік", - деп атап өтті Қанат Мусин.

Депутаттар мен кәсіпкерлердің мүдделерін сақтандыру тетіктерін де қарастырды.

"Мысалы, тексерушілердің іс-әрекеттерінің заңдылығына күмән келтірген жағдайда, істі мемлекеттік орган емес, сот қарауын талап етуге болады. Сол кезде материалдар судьяға беріледі", - деп нақтылады Мусин.

Жұмыс тобы бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін бірінші басшыларды жауапкершілікке тарту туралы мәселені пысықтады. Енді, бюджет қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлілерге осыдан шығатын барлық  салдарлармен бірге айыппұл салынады.


Көзі: yunews.kz