Баспана қолжетімділігінің негізгі мәселелері түсіндірілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Баспана қолжетімділігінің негізгі мәселелері түсіндірілді

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ашық алаңында баспананың қолжетімділігі мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.

Шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

Қабылданған шаралардың арқасында соңғы 10 жылда бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету 31% - ға өсіп, 21,9 шаршы метрге жетті.

2030 жылға қарай әрбір адамға тұрғын үймен қамтамасыз етудің осы көрсеткішін 30 шаршы метрге дейін жеткізу және жыл сайынғы серпіннің өсімін 8-10% шегінде сақтау жоспарлануда.

2018 жылдың қорытындыларына сәйкес, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңадан салынған тұрғын үйдің 12,5 шаршы метрі пайдалануға берілді. Бұл баспананы пайдалануға беруді бір тұрғынға шаққанда 0,68 шаршы метрімен қамтамасыз етті (18 млн адам). Бұл – ТМД елдері (Ресей – 0,54 шаршы метр, Беларусь – 0,40 шаршы метр, Өзбекстан – 0,36 шаршы метр) арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі бір тұрғынға 21,9 шаршы метрді құрады.

Мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары халықтың көпшілігі үшін қолжетімді тұрғын үй салуды көздейді. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен көбіне табысы жоқ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (мүгедектер, жетім балалар), көпбалалы отбасылар, сондай-ақ жұмысшы жастар қамтамасыз етіледі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде кезекте тұрғандар мен салымшыларға, сондай-ақ "7-20-25" бағдарламасына қатысушылар үшін
11 311 кредиттік пәтердің (656 мың шаршы метр) құрылысы жүргізілуде, алаңы 258 мың шаршы метр 4 330 пәтер салынды (облигациялар шығару арқылы).

Маусым айынан бастап "Бақытты отбасы" бағдарламасы басталды, оның аясында 5 мыңнан астам көп балалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасылар әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Келесі жылдан бастап қатысушылар санын 10 мың адамға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.

Бүгінгі күні тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аз қамтылған отбасыларға 31,2 млрд. теңгеге 3069 қарыз берді.

Жұмысшы жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйлер
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында салынып, беріледі деп көзделген.

2025 жылға дейінгі жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында тұрғын үй қолжетімділігінің сатылары қарастырылған. Онда баспанаға мұқтаж әр отбасыға табысының мөлшеріне сәйкес өзінің тұрғын үй жағдайын жақсарту механизмі ұсынылатын болады:

1) табысы жоқ не табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (29,7 мың теңге) төмен әлеуметтік-осал санаттағы кезекте тұрғандарға (олар жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және т.б.) сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй беріледі.

2) 2 күнкөріс минимумына дейін (59,4 мың теңге) отбасы мүшесіне табысы бар кезекте тұрғандарға (бұл көп балалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар) "Бақытты отбасы" "2-10-25" жеңілдікпен кредит беру ұсынылады.

3) отбасы мүшесіне 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары табысы бар қалған кезекте тұрғандарға (92 мың теңге) "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктердің несиелік тұрғын үйі ұсынылады.

4) отбасы мүшесіне 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейінен (92 мың теңге) асатын табысы бар азаматтар "7-20-25" бағдарламасының құралдарын және нарықтық өнімдерді (Баспана-хит, ҚИК-Орда, ҚТҚЖБ "Өз үйі") пайдалана алады. Бұл тәсілдер мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етеді.

Тұрғын үй алудың ашықтығын және жүйелі бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы енгізілуде. Осы база шеңберінде түгендеу жүргізіледі және кезекте тұрғандардың мәртебесі, оның ішінде кірістер бойынша айқындалады, сондай-ақ меншіктегі тұрғын үйдің болуы қадағаланады және сол немесе өзге өңірде жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйге қажеттілік талданады. Бүгінгі күні әкімдіктермен бірлесіп Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен базаны түгендеу және ықпалдастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.


Көзі: Yunews.kz