Қарағанды облысында аушы құстар және иттері бар аңшылардың халықаралық турнирі өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында аушы құстар және иттері бар аңшылардың халықаралық турнирі өтеді

444

Smiley face

Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінде "Ұлы дала мұрасы" халықаралық турниріне аушы құстар мен тазы тұқымды иттері бар аңшылар жиналады. Оған Қазақстанның 13 облысы, Моңғолия мен Қырғызстан өкілдері қатысады. Сайыс Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналды.

Ұлттық аң аулау бойынша Турнир биылғы жылдың 8-10 қараша аралығында өтеді. Шараның ашылу рәсіміне Сәкен Сейфуллиннің немересі, Қазақстанның ғарышкер-батырлары және басқа да құрметті қонақтар шақырылды.

Турнир бағдарламасында бүркітпен, сұңқар және қаршыға құстармен өнер көрсету қарастырылған. Арнайы үйретілген аушы құстар көгершіндер мен қояндарды аулайды, түлкі муляжын ұстап алып келу және еркін ұшу бойынша жарысады. Осыдан кейін тазы тұқымды иттердің көрмесі өтеді, содан кейін – 350-400 метрге жүгіру және соңғы жарыс ретінде аң ізіне түсуі сыналады. Иттер түлкі, қоян және борсықты табуы керек.

Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтар, медальдар және кубоктарға ие болады.

Турнирді ұйымдастырушылар - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР этноспорт қауымдастығы, Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, "Қансонар" РҚБ және Шет ауданының әкімдігі.


Көзі: yunews.kz