Сыртқы істер министрлігінде ХВҚ-мен ынтымақтастықты белсендіру мәселелері талқыланды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сыртқы істер министрлігінде ХВҚ-мен ынтымақтастықты белсендіру мәселелері талқыланды

444

Smiley face

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Халықаралық Валюта Қорының Орталық Азия бойынша миссиясының басшысы Марк Хортонмен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта қоры арасындағы өзара іс-қимылдың болашағы мен ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады.

Атап айтқанда, Алматы қаласында Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Моңғолия үшін ХВҚ-ның техникалық қолдау бойынша Өңірлік орталығын ашу, сондай-ақ мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы 1947 жылғы 21 қарашадағы БҰҰ Конвенциясын қазақстандық тараппен ратификациялау процесі мәселелері қарастырылды.

Алматы қаласында ХВҚ офисінің орналасуы артықшылықтарының бірі – онда БҰҰ Өңірлік Хабының болуы және Қазақстан «Оңтүстік астанасының» әуежайында «ашық аспан» режимінің басталуы болып табылады. Техникалық қолдау бойынша Өңірлік орталығының мақсаты – салықтық-бюджеттік саясат, банктік операциялар, қаржылай бақылау және макроэкономикалық статистика секілді салалардағы барша Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ елдерінің және Моңғолияның институционалды әлеуетінің дамуына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.  


Көзі: yunews.kz