Тәулік ішінде Қарағанды қаласында 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тәулік ішінде Қарағанды қаласында 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

444

Smiley face

Ауа райының күр өзгеруінен сондай-ақ, жүргізушілердің қарапайым жол жүру ережелерін сақтамауының салдарынан тәулік ішінде қала бойынша 32 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 6 адам зардап шегіп, 1-уі ауруханаға жатқызылса, 5 адам амбулаторлық ем қабылдауда.

Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерден  жол жүру ережелерін сақтауды, жолда жүргенде барынша сақ болуды, жол белгілеріне аса мән беруді сұрайды.

Міндетті түрде көлік  дөңгелектерін қысқы дөңгелекке ауыстыруын сұрайды. Егер сіз жаяу жүргінші болсаңыз, жаяу жүргінші өтуге болатын жерлермен жүргендеріңіз және жаяу жүргінші өтуге рұқсат берілген бағдаршамнан өткендеріңіз абзал.

Жүргіншілерге әсіресе жылдамдықты шектен тыс асырмауларын сұраймыз! Сіздің жол-жүру ережесін бұзғаныңыз, өзгенің өміріне қауіп төндіретінін естеріңізге саламыз!


Көзі: yunews.kz