Грантқа – өз ақылымен және еңбегімен! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Грантқа – өз ақылымен және еңбегімен!

444

Smiley face

Атырау облысының «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлектері Санжар Садуақас пен Еркін Жақсылықов «INFOMATRIX-ASIA-2019» VI халықаралық жобалар конкурсында Қазақ - Британ техникалық университетінде тегін оқуға құқық беретін грант ұтып алды.

Биылғы жылы «INFOMATRIX-ASIA-2019» VI халықаралық компьютерлік жобалар конкурсы Сүлейман Демирель университетінің базасында өтті. Конкурсқа әлемнің әр түкпірінен 500-ден аса үздік IT-студенттер қатысты.

Конкурсқа қатысушылар жеті номинация: «Робототехника», «Бағдарламалау», «Компьютерлік графика мен өнер», «Басқару жүйесі», «Қысқа метражды фильм», «Дрондар айқасы» және «Математикалық жобалар» бойынша бақ сынасты.

Атырау қаласының лицейшілері «Роботехника» номинациясы бойынша өз жобаларын ұсынып, осы аталымның бас жүлдесін жеңіп алды.

Енді Атырау облысының «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлектері Санжар Садуақас пен Еркін Жақсылықов шетелде тегін оқитын болады.

Макс Петров, Атырау


Көзі: yunews.kz


  • Рымбек Ж.

  • 2019-05-25 10:11:31

Это конечно хорошо, но сравнив отношение к науке, молодые ученые будут стараться перебраться на Запад. Нужно подымать НАУКУ У НАС!!! И .....лет через 70 здесь будет интересно работать.