Ақтауда оқушылар арасында 5 үздік бизнес-жоба таңдалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда оқушылар арасында 5 үздік бизнес-жоба таңдалды

444

Smiley face

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Caspian Startup-2019» оқушылар мен колледж студенттері арасындағы стартаптар конкурсының 5 жеңімпазына 350 мың теңге табысталды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жастарды кәсіпкерлікке баулып, тың идеяларды іздеген сайыста «ІТ», «Ғылым және технология», «Әлеуметтік жобалар», «Туризм», «Агробизнес» бағыттары бойынша іріктеу кезеңінен өткен 25 жоба қорғалған еді.

Кәсіпкерлерден құралған қазылар алқасының алдында қатысушылар өз жобаларын 7 минут ішінде таныстырып шықты. Конкурстық комиссия шешімімен «IT» бағытындағы үздік жоба деп Родион Игнатов пен Айжұлдыз Надирханованың «UARStuding» стартапы танылса, «Ғылым мен технология» бағытында Нұрберген Наурызбаевтың «Пластик қалдықтарын өңдеу арқылы мұнай мен жанармай көзін алу» бизнес-жобасы 350 мың теңгеге ие болды.

«Әлеуметтік жобалар» бағытының үздігі Сүйерқұл Нұрмұхаммед, Мухамедзянов Мадияр, Жұмағалин Бекзаттың «Z Generation – The New Way To The Future» болды. «Туризм» бағытындағы үздік жоба Дана Есбергенованың Қаракөл көлі мысалындағы экожобалық  идеясы, «Агробизнесте» тыңайтқыш жасауды ұсынған Байдәулет Азамат жеңді.

- «Caspian Startup-2019» сайысының өткізілу форматы мен идеясы қатты ұнады. Мен жобамды кәсіпкерлер алдында таныстырып, бастамама сендірудің құпияларымен, бизнес-жоспар жасауды үйрендім. Жеңістен алған қаражатымды депозитке салып, болашақта жоғары оқу орнына түскенде қажетіме жаратуды жоспарлап отырмын, дейді «Агробизнес» номинациясының жеңімпазы Азамат Байдаулет.

Smiley face

Стартап жобалар байқауының жеңімпаздарына қаржылай сыйлықты «MKS Logistics» ЖШС, «Mediana» ІТ-компаниясы, «EXPO&WOMEN», «Евровояж» тур агенттігі, «ТЕТИС» ЖШС береді. Ал Маңғыстау облыстық білім басқармасы, «Mangystau» телеарнасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Маңғыстау облыстық филиалы байқау серіктестері.

Биыл екінші рет ұйымдастырылған бизнес-идеялар сайысына 195 жобадан өтініш келіп түсті, оның 172-і жарысқа қатысты. Қатысушылар «Әлеуметтік жобалар» номинациясында белсенділік көрсетті. 54 жобаның ішінен бес жоба ғана іріктеліп алынды. Ал «Агробизнес» номинациясына 42, «Туризмге» - 35, «Ғылым және технологияға» 42 өтініш келді. Ал «ІТ» номинациясына 20 жоба қатысты.

Сонымен қатар, жарыс қатысушыларының кәсіпкерлікке ынтасын арттыру мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіби бизнес бапкері Райхан Бекберген мен Yessenov университеті жанындағы Каспий кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Гүлзира Қосмағанбетова  арнайы шеберлік сағатын өткізді.

Smiley face

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz