Алматыда 15-17 мамырда «Гараж» кинофестивалі өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда 15-17 мамырда «Гараж» кинофестивалі өтеді

03 Мамыр 2019, 10:35

Smiley face

«Целинный» қазіргі заманғы мәдениет орталығында 15-17 мамырда «Гараж» кинофестивалі өтеді.

Жаңа маусымдағы кинофестиваль Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығының поп-ап алаңқайында өтеді. Фестивальдің бағдарламасына былтырғы фестивальдің кинохиттері, сондай-ақ жаңа кинолар енді.

Барлығы алты фильм көрсетіледі. Үш таспада заманауи өнердің көрнекті суретшілері мен қайраткерлерінің өмірі туралы, сондайте-ақ әралуаны көркемдік практикалар туралы баяндалады. «Сіздер Листерлерді білесіздер ме» - австралиялық жас суретші Энтони Листердің өмір тарихы - өзінің туған Брисбейн қаласының қабырғаларында граффити жасаудан бастап, әлемнің басты арт-алаңқайларынд көрмелер мен сатылымдарға дейін бас айналдырарлық жол жасаған заманауи стрит-арттың жұлдызы; «Баския: шындықтың жарылысы» - көрермендерді 1970-1980-шы жюльдардағы нью-йорктік көркемдік ортаға ендіретін Сара Драйвердің картинасы.

Сондай-ақ бағдарламаға аса тәжірибелі және өзінің бірегейлігін іздестіру туралы үш заманауи фильм енген - суретші Paolaның өмірбаяндық комиксі бойынша түсірілген «Тропикалық вирус» анимациялық хиті; «Мадлен Мадлен» драмасыы - жеке тұлғаның басқа біреуге еліктеуі арқылы қалыптасуы туралы; тәрбиелік роман «Бастау» - жастықтың классикалық трагедиялары мен парадокстары турал тосын зерттеу. 


Көзі: yunews.kz