Ақтөбе қаласындағы 25 оқушы тамақтан уланған мектептің директоры мен бір мұғаліміне қатаң сөгіс жарияланды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбе қаласындағы 25 оқушы тамақтан уланған мектептің директоры мен бір мұғаліміне қатаң сөгіс жарияланды

03 Мамыр 2019, 11:47

Smiley face

Ақтөбе қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында 20-дан астам оқушы астан уланып, ауруханаға түсті. Кейін облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті улану себебін анықтады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, барлығы 30 сынама алынып, оның алтауынан ішек таяқшасы, екеуінен S.aureus, яғни, стафилококк анықталды. Стафилококк ботқадан, ал ішек таяқшасы тауық етінен жасалған үй сорпасы мен ірімшік қосылған тауық етінен шықты.

Асханада 8 адам жұмыс істесе, оның екеуінде стафилококк тіркелді. Санитар мамандар Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінен кәсіпкердің құжатсыз жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін директорға шара қолдану сұрады.

Ақтөбе қаласындағы 25 оқушы тамақтан уланған мектептің директоры мен бір мұғаліміне қатаң сөгіс жарияланды.

«Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жеке кәсіпкерді асханаға жіберіп, жұмыс істеуге рұқсат берген мектеп директоры Салиха Қазбаева мен тағы бір мұғалімге «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза берілді», - деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.


Көзі: yunews.kz