Ресейге 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері рухына арналған қазақстандық топырақ салынған капсула берілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ресейге 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері рухына арналған қазақстандық топырақ салынған капсула берілді

03 Мамыр 2019, 11:50

Smiley face

Неміс-фашистік басқыншылардан Кингисепп қаласын азат етудің 75 жылдығына орай өтетін салтанатты іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының соғыс ардагерлері де шақырту алды.

Жауынгерлерді еске алу және ел үшін ерлікпен қаза тапқан марқұмдарға құрмет көрсету белгісі  ретінде Ресей жеріне топырақ салынған капсуланы апару ішкі істер органының ардагерлері, отставкадағы полковниктер Ақан Сыздықов пен Евгений Райтенбахқа жүктелді.

Smiley face

Атаулы оқиғаға орай 314-ші атқыштар дивизиясының ескерткіші жанында  еңбек, соғыс ардагерлері, мектеп оқушылары, қала жұртшылығының қатысуымен митинг өтті.

«1941-ші жылдың тамызында Петропавлда Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше із қалдырған 314-ші атқыштар дивизиясы құрылды. Бүгінде бізге батырларымызды құрметпен еске алу үшін жерлестеріміз ерлікпен қорғаған қалаға сапар шегудің сәті түсті. Біз қасиетті миссиямызды абыроймен атқаруға сөз береміз», деді әкімшілік полиция басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Евгений Райтенбах.

Митингіге қатысушылар  монументке гүл шоқтарын қойып, отан үшін жанын қиған жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Smiley face


Көзі: yunews.kz