Қазақстанда «Айбалта-2019» кең ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқуы аяқталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда «Айбалта-2019» кең ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқуы аяқталды

03 Мамыр 2019, 12:14

Smiley face

Әскеріміз заманауи қару-жарақтармен жабдықталған және аса күрделі міндеттерді орындауға әрқашан дайын. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери жаттығу барысында айтты.

Әскери оқу-жаттығу аяқталысымен Мемлекет басшысы командалық пункте барып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқару пунктін қарап шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілермен кездесе отырып, оқу-жаттығудың сәтті аяқталуымен құттықтады, сонымен қатар еліміздің қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.

«Көптеген елде қарулы қақтығыстар күшеюде. Мұндай жағдайда еліміздің тәуелсіздігі мен шекарамыздың бүтіндігін қорғау – Қарулы күштердің басты міндеті. Қазақстанның армиясы бүгінде мемлекеттің сенімді қалқаны әрі қуатты қорғаны болып отыр. Әскеріміз заманауи қару-жарақтармен жабдықталған және аса күрделі міндеттерді орындауға әрқашан дайын. Ұлы даланың нағыз батырлары қауіпсіздік күзетінде тұрғада еліміздің болашағы жарқын болады деп сенемін. 9 мамыр қарсаңында Ұлы жеңіске зор үлес қосқан халқымыздың қаһармандары мен ерлігін естен шығармауымыз керек. Сондықтан біз басты құндылықтарымыз бейбітшілік пен келісімді сақтауға тиіспіз. Сіздер Отан алдындағы қасиетті борыштарыңызды абыроймен атқарып жүрсіздер. Әскери қызметке адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын!»,- деді Мемлекет басшысы.

Еске саламыз, «Айбалта-2019» ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы 15 сәуірде басталған. Жаттығу барысында Қазақстан аумағына содырлар тобы баса көктеп кірді және таулы жерге жасырынды. «Оңтүстік», «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамдастырылған тәсілмен қозғалып, жауды оқшаулап тастады. Ал оқу-жаттығудың белсенді кезеңі барысында майдандық және армиялық авиацияның қолдауымен шартты қарсылас жойылып жіберілді.

Сондай-ақ жаттығу кезінде понтонды көпірді өрістету арқылы Іле өзенінің ағыны, жолы қиын жерде тактикалық әуе десантын түсіру, барлауды жүргізу, әскери-көлік авиациясымен жеткізу және әскерлерді қамтамасыз ету үшін материалдық құралдарды парашюттік тәсілмен түсіру іске асырылды.


Көзі: yunews.kz