Дереу төленсін! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Дереу төленсін!

03 Мамыр 2019, 14:25

Smiley face

«Иә, «Ақтөбе» футбол клубын сотқа бердім. Өзімнің адал тапқан ақшамды сұрап отырмын! Бұл клубқа 9 жылымды арнадым, туыстарымнан алыс тұрдым, денсаулығымды құрттым. Адал жолмен тапқан табысымды ешкімге бере салмаймын.

2017 жылғы командалық ақша кімнің қалтасына кеткенін де білемін. 2018 жылы қаңтарда мансабымды аяқтаған соң, бірден клуб басшыларын хабарласып, қарызымды қайтарып алуға әрекет ететінімді айттым.

Сол уақытта «ақшаны тек сот арқылы ғана аласың» деген жауапты естідім, - дейді Андрей Сидельников.

Еске сала кетсек, 29 ақпанда Сидельников «Ақтөбе» футбол клубының үстінен қалалық сотқа арыз жазып, 25 миллион 592 мың теңге көлемінде ақша өндіріп алғысы келетінін айтқан болатын.

Таяуда Ақтөбе қалалық сотында осы іс қаралды. Сот отырысы барысында Андрей Сидельниковтың «Ақтөбе» футбол клубында ойнған кезіндегі айлық жалақысы 4,5 млн теңге болғаны анықталды. Ал оған 2017 жылдың қыркүйегі мен қарашасы арасында 9 млн теңгеден аса көлемде ақша төленбеген.

Істі қараған Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ботагөз Алмасбаева «Ақтөбе» футбол клубын арызданушы Андрей Сидельниковтың пайдасына 14 млн теңге көлемінде жалақы мен өтемақы төлеуге міндеттеу туралы шешім шығарды. Бұл шешім дереу орындалуға тиісті.

Андрей Сидельников «Ақтөбе» клубымен бірге Қазақстан чемпионатында үш мәрте жеңіске жеткен. Ол үлкен спорттағы мансабын 2018 жылдың қаңтарында аяқтады.


Көзі: yunews.kz