СәдібекТүгел ҚР Президенті лауазымына екінші кандидат болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

СәдібекТүгел ҚР Президенті лауазымына екінші кандидат болды

03 Мамыр 2019, 16:20

Smiley face

ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Сәдібек Түгелді тіркеді. 

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Сәдібек Түгелді қолдап барлық 15 өңірден 122 102 азаматтың қолы жиналды, оның ішінде рас деп танылғаны – 120 175. 2019 жылы 15 сәуірдегі №13/237 ОСК қаулысымен анықталған ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған рас қолдардың қажетті саны – 118 140-тан кем болмауы тиіс», - деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясы. 

Орталық сайлау комиссиясы қаулысымен С.Түгелді 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлануына кандидат ретінде тіркеліп, кандидатқа тиісті куәлік берілді.


Көзі: yunews.kz