Мен өмір сүргім келмейді! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мен өмір сүргім келмейді!

04 Мамыр 2019, 09:10

Smiley face

Неге балалар өз өмірлерімен қош айтысқысы келеді және суицид деңгейін төмендету үшін не қажет? Бұл мәселелер СҚО-да өткен семинар-тренингте талқыланды. Облыс прокуратурасы мен білім басқармасы 100-ден астам әдіскерді, мектеп психологтарын, білім беру мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлерін қатысуға шақырды.

Білім басқармасының, Психикалық денсаулық орталығының, "BILIM FOUNDATION" қоғамдық қорының шақырылған мамандары қатысушыларға жергілікті және халықаралық тәжірибені ескере отырып, суицидтің алдын алу әдістері мен түрлері туралы әңгімеледі, деп хабарлайды СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Іс жүзінде қатысушыларға жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін, олардың эмоционалдық жағдайын, мазасыздық деңгейін, суицидтік тәуекелін, тұлғааралық қарым-қатынасты анықтау үшін әртүрлі психологиялық әдістемелерді қалай пайдалану керектігін көрсетті.

Жиналғандар елде қиын жағдайда жүрген балаларға арналған бірыңғай республикалық жедел желі жұмыс істейтінін тағы да еске салды. 111 нөміріне кез келген бала қажет болған жағдайда қоңырау шала алады.


Көзі: yunews.kz


  • rain s.

  • 2019-05-04 19:21:25

так почему дети решают свести счеты с жизнью?