Жер мәселесін шешу үшін шенеуніктер мен депутаттар мың доллар, миллион теңге және сағат талап етті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жер мәселесін шешу үшін шенеуніктер мен депутаттар мың доллар, миллион теңге және сағат талап етті

04 Мамыр 2019, 10:07

Smiley face

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро өз жұмысының нәтижесін тағы да көрсетеді. Осылай МҚІСҚА Алматы облысы Талғар аудандық мәслихат депутатының парақорлық фактісін ашты. Ол 12 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін азаматтан 200 мың АҚШ доллары сомасында (76 млн теңгеге тең) пара алды деп күдіктенуде.

Сот шешімімен ол қамауда қалады.

Сондай-ақ, Алматы облысында Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің орынбасары шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылығына 0,030 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін 1 140 000 теңге пара алды деп күдіктеніп отыр. Кінәсін толық мойындауға байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы басшысының м. а., қала жерлерінің қорғалуын және пайдаланылуын бақылау жөніндегі орынбасарының м. а. ЖШС өкілінің сенімін асыра пайдаланып, одан қол сағаттар мен 400 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алып, аталған серіктестіктің 1,1050 га жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертуді сылтаумен күдіктеніп отыр. Кінәсін толық мойындауға байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша тергеу жалғасуда.


Көзі: yunews.kz