"Щучинск-Зеренді" жолы биыл іске қосылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Щучинск-Зеренді" жолы биыл іске қосылады

04 Мамыр 2019, 11:45

Smiley face

"Щучинск-Зеренді" автомобиль жолы екі курорттық аймақтың байланыстырушы буыны болып табылады және өз бойында Златополье, Савинка, Веденовка, М. Ғабдуллин, Серафимовка және т. б. кенттерді біріктіреді.

Бұл жолды қайта жаңартуды бас мердігер "Казахдорстрой" ЖШС орындайды. Жалпы ұзындығы 80 км трасса үш учаскеге бөлінген. 63 су өткізу құбырының, екі демалыс алаңының құрылысы, 4 автобус павильонын орнату, 15 км қар ұстайтын қоршаулар мен 14 км тосқауыл қоршауларын орнату, Зеренді кентіндегі жарықтандыру және бағдаршам қиылыстарын орнату, сондай-ақ М. Ғабдуллин, Серафимовка кенттерінде жарықтандыру қарастырылған. Сонымен қатар, бұл жобада Щучинск қаласында Зеренді және ДЭУ-5 елді мекендеріндегі ДЭУ-73 қайта құру қарастырылған, деп ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Smiley face

Қайта жаңарту асфальтбетонды жабыны бар екі жолақты қозғалысы бар II және III техникалық санаттағы учаскеде көзделген.

2019 жылы жолшылар асфальтбетоннан 16 км төменгі қабат жабынын, ұсақ түйіршікті асфальтбетоннан 32,4 км жоғарғы қабат жабынын салу бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ Щучинск қаласында ДЭУ-5 және Зеренді кентінде ДЭУ-73 реконструкциялау бойынша жұмыстарды аяқтау міндеті тұр.

Бүгінгі күні жер төсемдерін кептіру және орнату, жол жиектерін нығайту, айналма жолды сәйкес келтіру және автожол резервін кептіру үшін тасқын суларды бұру бойынша жұмыстар басталды. Жобаның толық аяқталуы 2019 жылы жоспарлануда.

Smiley face


Көзі: yunews.kz