Қазақстанда Тоқаевтың 220-дан астам қоғамдық штабы ашылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда Тоқаевтың 220-дан астам қоғамдық штабы ашылады

04 Мамыр 2019, 11:47

Smiley face

Елордада Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының ресми ашылуы өтті. Ел бойынша барлығы 17 өңірлік және 210 қалалық және аудандық қоғамдық штабтар ашылатын болады.

"Біз бүгін кандидат тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының құрылғанын жариялаймыз. Оның құрамына 187 адам кірді", - деп мәлімдеді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев республикалық штабтың құрамына "елімізге белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, сондай-ақ өз саласында үлкен жетістіктерге жеткен адамдар кірді.

Республикалық қоғамдық штаб Nur Otan партиясының орталық аппаратының ғимаратында орналасқан. Штабты мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің көрнекті қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер, спортшылар, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, партия ардагерлері мен оның басшылығы құрады. Барлығы РҚШ-ға 187 адам кірді,оның ішінде "TEAMQAZAQSTAN" жастар қанатының 33 мүшесі. Кандидаттың тапсырмасы бойынша штабты Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев басқарды.

"Біз сайлау ашық, әділ, Қазақстан заңнамасына және қабылданған халықаралық нормаларға толық сәйкес өтуі үшін барлығын жасаймыз", - деп уәде берді ол.

Ел бойынша барлығы 17 өңірлік және 210 қалалық және аудандық қоғамдық штаб өз қызметін жүзеге асыратын болады, онда 6 мыңға жуық адам жұмыс істейтін болады. Кандидаттың 20 мыңға жуық сенімді тұлғасы анықталды.


Көзі: yunews.kz