«Мәңгілік полк» мәңгілік пе? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Мәңгілік полк» мәңгілік пе?

444

Smiley face

«Тәжірибе көрсеткендей, бұған дейін өткізілген осындай шерулерден кейін Ұлы Отан соғысына қатысушылардың туысқандары мен қала тұрғындарынан көптеген арыз-шағымдар айтылған болатын. Себебі соғыс ардагерлері мен батыр жауынгерлердің суреттер мен портреттері шеруден кейін бей-берекет шашылып жатты. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырды. Сонымен қатар, бұл шеру қоғамдық көліктің жүру кестесіне кедергі келтіруі мүмкін болды. Соған байланысты, биыл қалада «Мәңгілік полк» шеруі өткізілмейді», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайты.

Сол сияқты, заңға сәйкес шеру өткізуден 10 күн бұрын тиісті өтінім берілуі керек. Алайда, мұндай өтінім алдын ала берілмеген.

Алайда, Тұңғыш Президент атындағы қалалық саябақта өткізілетін мерекелік іс-шаралар барысында батырларға тағзым ету үшін туысқандары мен жақындарының портреттер алып шығуларына болады.


Көзі: yunews.kz