Елордада «Жас қанат» жас кәсіпкерлер кеңесі құрылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада «Жас қанат» жас кәсіпкерлер кеңесі құрылды

04 Мамыр 2019, 15:27

Smiley face

«Жас қанат» деп аталатын бұл ұйым - іскер азаматтардың өз бастамасымен құрылған. Бизнесте жүрген азаматтар осылайша бірлесе әрекет етіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ, кәсібін енді ғана бастап келе жатқандарға жол сілтеп, тәжірибелерімен бөлісетін алаң болады. Әзірге кеңес құрамына 40-тан аса іскер азамат кірген. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатсының баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ашылу салтанатына 400-ге жуық жас кәсіпкер келіп, жобаға қызығушылық танытты. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кеңеске қатысушыларға бірқатар мүмкіндіктер жасалмақшы.
Өз ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін Ұлтты палата мүшелері жастарға арналған «Жас кәсіпкер» білім жобасын ұсынды.

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқыту 21 күнге созылады. Осы уақыт ішінде тыңдаушылар кәсіпкерлік негіздері үшін қажетті теориялық білім алумен қатар, бизнес-жаттықтырушылар мен психологтардан консультация алады. Сол сияқты өз жобасын іске асыру үшін бизнес-жоспар жасауды үйренеді.

«Жас қанат» жас кәсіпкерлер кеңесінің ашылуына елорданың бірқатар танымал бизнесмендері қатысып, шеберлік сыныптарын өткізді.


Көзі: yunews.kz