Ақтөбеде интернаттан өрт шығып, 23 адам құтқарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбеде интернаттан өрт шығып, 23 адам құтқарылды

04 Мамыр 2019, 16:00

Smiley face

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, қиын өмірлік жағдайға түскен балаларға арналған «Аяла» балаларды қолдау орталығының ғимаратынан өрт шыққан. Өрт аумағы 28 шаршы метрді құраған.

«Өрт шыққан бетте 23 адам, соның ішінде 8 бала құтқарылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12 минутта келіп жетті, өрт 8 минутта өшірілді. Қаза болғандар мен зардап шегушілер жоқ», - деп хабарлады департамент өкілі.

Төтенше жағдайды жою жөніндегі шараларға 68 адам мен 15 бірлік техника тартылған. Өрттің шығу себебі анықталуда.


Көзі: yunews.kz