Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің Кубогы үшін армиялық қоян –қолтық жекпе жек турнирі аяқталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің Кубогы үшін армиялық қоян –қолтық жекпе жек турнирі аяқталды

04 Мамыр 2019, 16:13

Smiley face

Турнирге Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, Қорғаныс министрлігі жоғары әскери оқу орындарының, сондай-ақ Мемлекеттік күзеті қызметі мен Ішкі істер министрлігінің намысын қорғаған 20 командадан 100-ге жуық спортшы қатысты.

Турнирдің шешуші жекпе-жегінің салтанатты рәсімін Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-майор Н. Ермекбаев ашты. «Мемлекет басшылығының арқасында елімізде спортқа аса мән беріледі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, спортпен шұғылдану физикалық күш пен денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен бірге, еркіндікке, табандылыққа, сәттілікке ұмтылуға жетелейді, жоғары моральдық, рухани қасиеттерді қалыптастырады. Мұндай мықты адамдар өмірдің барлық салаларындағы кез келген тапсырмаларға төтеп береді. Жас бозбала үлкен спортта керемет нәтижелерге қол жеткізбесе де жекпе-жекпен айналысу және осы спорттың қыр-сырын меңгеру оған өз күшінің сенімділігін арттырады. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, әсіресе, армиялық қоян-қолтық ұрыс әскери қызметшілер үшін айрықша мәнге ие. Жауынгерлік машықты жетілдірудің маңызды құралы болып келеді. Әскери технологиялардың, жоюдың контактісіз тәсілдерінің дамуына қарамастан, жақыннан ұрысу және қоян-қолтық белдесуді алып тастауға болмайды», - деді қорғаныс ведомствосының басшысы.

Smiley face

Турнир барысында балуандар 60, 70, 80, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде «5-те 5» командалық есепте сайысты. Турнир қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының балуандары мықты атанды. Екінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерді иеленді, жүлдегерлер үштігіне Әуе қорғанысы күштерінің командасы ие болды.
Smiley face


Көзі: yunews.kz