Дания Еспаева Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың куәлігін алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Дания Еспаева Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың куәлігін алды

04 Мамыр 2019, 16:50

Smiley face

ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі атынан Президенттікке ұсынылған Дания Еспаеваны кандидат ретінде тіркеді. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның мәліметінше, кандидатты тіркеу үшін оның кірістер мен мүлік декларациясын тапсырғаны туралы анықтама, оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды және облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сайлау комиссияларының Президенттікке кандидатты қолдайтын азаматтардың қолын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды.

Дания Еспаеваны қолдау үшін Қазақстанның барлық 17 өңірінен 144 098 азаматтың қолы жиналған, оның 139 541-і рас деп танылды.


Көзі: yunews.kz