Алматыда балабақшаның меңгерушісі мен тәрбиешісі жұмыстан босатылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда балабақшаның меңгерушісі мен тәрбиешісі жұмыстан босатылды

04 Мамыр 2019, 17:08

Smiley face

Алматыда балаларға қол көтерген №37 балабақша тәрбиешісі мен балабақша меңгерушісі жұмысынан шығарылды.

Бұл оқиғаға байланысты Алматы қалалық білім беру басқармасы түсінік берді.

«Бұл оқиға 2 мамырда кіші балалар тобында болған. №37 балабақшаның тәрбиешісі педагогикалық тәрбиеге жат қылық көрсеткен. Анасы баласының көгерген бетін көріп, 3 мамырда балабақша меңгерушісіне шағым айтқан. Балабақша меңгерушісі мен анасы ішкі камера жазбаларын қарап шыққан. Кадрлардың бірінен тәрбиешінің қол көтергені анық болды», - деді қалалық білім беру басқармасы.

Балабақшаның жұмысы қалалық Білім беру басқармасының қатаң бақылауына алынды.


Көзі: yunews.kz