«Superjet» ұшағы еліміздің тұрақты әуе бағыттарында жоқ, - деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Superjet» ұшағы еліміздің тұрақты әуе бағыттарында жоқ, - деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі

06 Мамыр 2019, 10:28

Smiley face

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Роман Скляр Шереметьево әуежайында болған апатқа байланысты түсініктеме берді. «Superjet»  ұшағы еліміздің тұрақты әуе бағыттарында жоқ,- деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі.

Еске саламыз, «Шереметьево» әуежайында өртенген «Sukhoi Superjet 100» ұшағының бортында болған 78 адамның 37-сі тірі қалғаны туралы хабарланған болатын.

Мәскеуден Мурманск қаласына ұшқан «Аэрофлот» әуе компаниясының «Sukhoi Superjet 100» ұшағы жексенбі күні кешке Шереметьево әуежайына шұғыл қайтып оралды, әуеде 28 минут ұшқан ұшақ әуежайға қатты қонған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақты екінші талпыныстан соң ғана қондыруға мүмкіндік туды. Ұшақтың тағандары сынып, қозғалтқыштары өртенген.


Көзі: yunews.kz