Ақтөбеде өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер үшін «Ашық есік» күнін өткізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбеде өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер үшін «Ашық есік» күнін өткізді

06 Мамыр 2019, 13:30

Smiley face

Ақтөбе қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында жергілікті тауар өндірушілерге арналған Ашық есік күні өтті. Шараның мақсаты — кәсіпорындар арасында өзара әріптестік қарым-қатынас орнату және сатып алулардағы отандық құрам үлесін арттыру.

Шараға облыс әкімдігінің, кәсіпкерлік басқармасының және банктердің өкілдері мен  жергілікті тауар өндірушілер қатысты.

«Тұңғыш Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында кәсіпорындарға халық тұтынатын тауарлардың кең тізімдемесін игеруде, «қарапайым заттар экономикасын» дамытуда қолдау көрсетуге тапсырма берілген. Нәтижесінде мемлекет өңдеуші өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін 600 млрд теңге бөлді. Бұл тек экспорт әлеуетін жүзеге асыру үшін ғана емес, ішкі нарықты отандық тауарлармен молайтуда да маңызды»,- деп атап өтті Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Ақтөбе облысында жобалық кеңсе арнайы құрған «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері құны 25,2 млрд теңге болатын 37 жоба анықтылды және қазіргі таңға дейін пысықталып жатыр, олардың алтауы екінші деңгейлі банктердің қаралуында.

«Ашық есік» күні өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өткізу нарығын кеңейтуге, кей жағдайда келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді.


Көзі: yunews.kz