Ақтөбеде автожолдардың сапасына жауаптыларды жұмыстан босатты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбеде автожолдардың сапасына жауаптыларды жұмыстан босатты

06 Мамыр 2019, 15:27

Smiley face

Ақтөбеде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа, құрылыс саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің  орынбасары Серік Төленбергенов пен қала әкімінің орынбасары Ыбрайым Көзбаев та жұмыс орындарын босатады. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртіпке қатысты сұрақтар бойынша өткен жиынында хабарлады.

Жұмыстан босату жолды жөндеу, пайдалану жұмыстарын тиімсіз орындап, жөндеу, абаттандыру жұмыстарының сапалы орындалуына тиісті бақылау жасалмауымен байланысты.

Қала әкімі Ілияс Испанов Ыбрайым Көзбаевқа ағымдағы жобаларды тапсыруға екі апта берілгендігін атап өтті.

Сондай-ақ, өңір басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары Марат Тоғжановқа, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановқа, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының башысы Қайрат Отаровқа құжаттарды қабылдау, өңдеу және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау жұмыстарын тиісті дәрежеде ұйымдастармағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Айта кетейік, мемлекеттік органдар басшыларының жұмыстан босатылуы мен жазаға тартылуына қоғамның да әсер тимей қойған жоқ, азаматтар Facebook пен  Instagram-да өңірдегі жол жағдайы мен Ақтөбе қаласындағы Жұмыспен қамту орталығындағы ұзын-сонар кезек пен себепсіз сергелдеңге қатысты көп жазған.

Бұдан өзге, облыс әкімі спорт, мәдениет, мемлекеттік сатып алу, денсаулық сақтау және білім басқармаларының жұмыстарына көңілі толмады.Сондай-ақ, өңір басшысы Мәртөк ауданының әкімі Жандос Байырхановтың басқа жұмыс орнына ауысқанына байланысты өз еркімен жұмыстан кеткенін жеткізді.

«Облыс әкімдігіндегі  жұмысыма үш ай болды. Осы уақытқа дейін тәртіптік жаза шараларын қолданғым келмеді. Ауызша ғана ескертіп келдім. Бірақ, өкінішке қарай, мемлекеттік органдардың кейбір басшылары ескертуге атүсті қарап, оларды болдырмауға тырыспады. Халық үшін жұмыс істемегендер, мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді дұрыс атқармағандар жазаланатын болады, тіпті жұмыстан босатылады»,- деді Оңдасын Оразалин.

Жиын барысында өңір басшысы Оңдасын Оразалин студенттер жатақханасын салу үшін инвесторларды белсенді түрде іздеу, абаттандыру жұмыстарын күшейту, көшелерді жарықтандыру, Ақтөбе қаласының көшелері мен аулаларын санитарлық тазалау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 


Көзі: yunews.kz