Танымал қытайлық актер және режиссер Джеки Чан қыркүйек айында Қазақстанға келіп, кино түсірмекші - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Танымал қытайлық актер және режиссер Джеки Чан қыркүйек айында Қазақстанға келіп, кино түсірмекші

08 Мамыр 2019, 01:15

Smiley face

Қытайлық атақты кунфу-боевиктердің жұлдызы елімізге алғаш рет 2017 жылдың жазында келген болатын. Ол жолы Джеки Чан Қытай киносы фестивалінің ашылуына қатысты.

 

- Елдеріңізге келмей тұрып, мен Қазақстан туралы көп естідім, - дейді Джеки Чан. - Димаш Құдайбергеновке рахмет. Ол маған сіздердің елдеріңіз туралы көп әңгіме айтып берді. Қазақстанда менің өнерімді бағалаушылар көп екенін бұрын естімеп едім.

 

Биылғы жылдың сәуірінде Пекинде Джеки Чан мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі өтті. Кездесу барысында актер өзінің болашақ фильмінің бір бөлігін Қазақстан аумағында түсіргісі келетінін айтты.

 

- Қазақстанда түрлі географиялық локациялар: пейзаж, жазық дала, орман, тау бар, - дейді актер. – Кино түсіру үшін таптырмайтын мекен.

 

Режиссердің ойынша жаңа боевик шытырман оқиғалы драмалық сюжетке құрылады. Актерлік құрам әзірше жария етілген жоқ. Бірақ, бұл жобаға Голливуд пен Қытай жұлдыздары қатысады деп күтілуде.

Осы мамыр айында Джеки Чан мен фильм продюсері Нұр-Сұлтанға келеді. Содан кейін олар кино түсіретін жерлерді аралайды. Ал фильмнің түсірілімі қыркүйек-қазан айларында басталмақшы.

 


Көзі: yunews.kz