Батырларға – сыйақы! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Батырларға – сыйақы!

08 Мамыр 2019, 02:46

Smiley face

Ақтөбеде Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне, олардың жесірлеріне 180 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласында тұратын екінші дүниежүзілік соғыстың 55 қатысушысына 300 мың теңге,  Алға, Мәртөк, Мұғалжар және Хромтау аудандарында тұратын сегіз соғыс ардагеріне 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін көмек ақша беріледі.

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер бойынша 50 мыңнан 60 мың теңгеге дейін, әскери қызметкерлердің жесірлеріне және тыл еңбеккерлеріне 12 мыңнан 15 мың теңгеге дейін қаржы аударылады. Қазіргі кезде Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының 63 қатысушысы мен мүгедегі бар. Барлығы 7574 адам соғыс ардагерлеріне теңестірілген. Олардың 6258-і тыл еңбеккері»,- делінген баспасөз хабарламасында.


Көзі: yunews.kz