Екі тәулікте Қарағанды облысының жолдарында мотоциклистердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларында 3 адам қаза тапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Екі тәулікте Қарағанды облысының жолдарында мотоциклистердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларында 3 адам қаза тапты

08 Мамыр 2019, 04:04

Smiley face

5 мамырда «Қарағанды-Абай» автожолында Ақтас кентінен шыға берісте  «KAWASAKI Ex500d» мотоциклінің 36 жастағы жүргізушісі алдын ала дерек бойынша, көліктің руліне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан 22 жастағы жігіттің басқаруындағы «BMW» автомашинасымен соғылған. Апаттың салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты.

6 мамырда Шахтинск қаласында «Volkswagen Golf» автомашинасының 19 жастағы жүргізушісі Абай даңғылының бойымен Станционная көшесіне қарай келе жатып, алдын ала дерек бойынша, көліктің руліне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Соның салдарынан 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «RACER» мотоциклімен соғылған.

Апаттың салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал оның көлігінде 10 жастағы бала ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болды.

Екі дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Көзі: yunews.kz