Қазақстанда мыңнан астам теміржол өткелдері тексерілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда мыңнан астам теміржол өткелдері тексерілді

08 Мамыр 2019, 10:49

Smiley faceФото пресс-службы АО «НК «Қазақстан темір жолы»      

"ҚТЖ "ҰК" АҚ желісінде теміржол өткелдерінде "Назар аударыңыз, теміржол өткелі!" жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша айлық аяқталды.

Бір ай ішінде теміржолшылар жергілікті билік органдарының өкілдерімен, ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп өткелдердің жағдайын тексерді.

"Барлығы жоспардан тыс 1053 теміржол өткелі тексерілді, оның ішінде 469 күзетілетін және 584 күзетілмейтін. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, дыбыстық дабылдың ақаусыздығына, электр қуатына, жарықтандыруға, байланыс құралдарының, бөгегіш құрылғылардың, автошлагбаумдардың, төсемдердің жай - күйіне, инертті материалдардың болуына ерекше назар аударылды",-деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ баспасөз қызметі.

Алдын алу акциясы аясында жол бойынша кезекшінің лауазымдық міндеттері мен нұсқаулықтар талаптарының сақталуына кенеттен түнгі тексеру ұйымдастырылды. Олармен еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.

Айлық барысында автокөлік жүргізушілерімен үлкен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, өйткені жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуынан, олардың тыйым салатын сигналдарды елемеуінен болады. Барлығы 200-ден астам рейд жүргізілді, жол жүру ережесін бұзу бойынша 10-нан астам әкімшілік хаттама жасалды.

Темір жол инфрақұрылымын кесіп өту ережелері бойынша ақпаратпен 15 мыңға жуық адам танысты.


Көзі: yunews.kz