Қазақстандық көліктер 4 %-бен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық көліктер 4 %-бен

08 Мамыр 2019, 11:04

Smiley face

ҚР Үкіметі жеңілдетілген автокредиттеу мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға 8 млрд теңге және арнайы мақсаттағы автомобильдерді және автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта аталған қаржы тұтынушылар үшін қолжетімді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Жеке тұлғаларға отандық өндірістің автомобильдерін сатып алуға кредит беру шарттары:

* Номиналды пайыздық мөлшерлеме-жылдық 4% ,

* Несиелеу мерзімі-7 жылға дейін,

* Қарыз валютасы-теңге,

* Автомобиль құны-15 000 000 теңгеден аспайды.

2019 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша "Қазақстанның даму банкі" АҚ 61,01 млрд.теңге сомасына 14 171 өтінім келісілді. Оның ішінде алты екінші деңгейлі банк жалпы сомасы 58,46 млрд. теңгеге 13 599 несие берді.

Лизинг бойынша бағдарламаның шарттарына сәйкес, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер отандық өндірістің кез келген коммерциялық техникасын сатып ала алады. Бағдарламаның шарттары:

* Лизинг мерзімі-37 айдан бастап,

* Номиналды пайыздық мөлшерлеме жылдық 4% - дан аспайды,

* Бастапқы жарна-30%,

* Қарыз валютасы-теңге,

* Негізгі қарызды төлеу бойынша 6 ай ішінде жеңілдікті кезең бар.

Қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік және агенттік қызмет көрсету) лизинг алушының есебінен төленеді. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ШОБ субъектілері үшін 10,19 млрд.теңгеден астам сомаға отандық автоөндірушілердің 810 бірлік техникасын сатып алу қаржыландырылды.


Көзі: yunews.kz