Заңсыз митингтерге қатысқаны үшін жауапкершілік қажет - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Заңсыз митингтерге қатысқаны үшін жауапкершілік қажет

08 Мамыр 2019, 12:19

Smiley face

Бас прокуратураның ресми сайтында ҚР Бас Прокуроры Б. Б. Дембаевтың Қазақстан азаматтарына үндеуі жарияланды.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамыр күні заңсыз митингтерге қатысуға үгіттеу жүруде. Бас прокуратура бұған дейін осындай заңсыз акцияларға қатысу және ұйымдастыру жауапкершілігі туралы ескертеді.

Алайда, 1 мамыр күні кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің алдын ала ескертулерін елемей, заңсыз митингтерге шығып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуы мен тыныштығына қауіп туды.

Осыған байланысты митингілерді ұйымдастыру мен өткізудің заңмен белгіленген тәртібін бұзуға жол берілмеуіне назар аударамыз. Құқық бұзушылық үшін кінәлілер заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылады".

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа ұшырамауға және ел заңдарын бұзбауға шақырады.


Көзі: yunews.kz