Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі спортшылар жеңіл атлетикадан халықаралық турнирдің алтын, күміс және қола жүлдесін жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі спортшылар жеңіл атлетикадан халықаралық турнирдің алтын, күміс және қола жүлдесін жеңіп алды

08 Мамыр 2019, 12:46

Smiley face

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы беделді халықаралық турнирде Қазақстан атынан Қарағандыдан келген үш спортшы қатысты. Жеңіл атлетикадан лицензиялық халықаралық турнир Марракеш (Марокко) қаласында өтті. Жарысқа 34 елден 350 спортшы қатысты. Қазақстан атынан Қарағандының үш атлеті ғана қатысты. Олар еліміздің намысын лайықты қорғады.

Smiley face

Руфат Хабибуллин 100 метрге жүгіруде және найза лақтыруда бірінші орынға ие болды. Айта кету керек, Руфат – арнайы спорттық протезде жүгіру жолдарымен айналысатын спортшы. Ал Дастан Мұқашбеков диск лақтыруда күміс медаль және ядро итеруде қола медаль жеңіп алды. Ол қажетті нормативті орындап, қараша айында Дубай қаласында (БАӘ) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.


Көзі: yunews.kz