Nur.kz интернет басылымы жауапкершілікке тартылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Nur.kz интернет басылымы жауапкершілікке тартылды

08 Мамыр 2019, 17:19

Smiley face

Алматы қаласының прокуратурасы Интернетте қоғамдық онлайн-сауалнама жүргізу және оның нәтижелерін жариялау дерегін анықтады. Бұл онлайн-сауалнама «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (әрі қарай – Конституциялық заң)  28 бабының 9 тармағының талаптарын бұзушылықпен жүргізілген. Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Соған байланысты, Алматы қаласының прокуратурасы «Nur.kz» интернет-ресурсының меншік иесі – «Internetportal Nur» ЖШС-не қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 120 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс қозғады.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 120 бабының 3 бөлігінің бұзылуы бойынша жеке тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу санкциясы қарастырылған.

2019 жылдың 9 маусымында елімізде Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау өткізудің тағайындалуына байланысты прокуратур органдары  конституциялық өкілеттігіне сәйкес сайлау үдерісіне қатысушылардың барлығы заң талаптарын сақтауына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Сайлау комиссиялары немесе мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ. Алайда, жеке тұлғалар тарапынан сауалнама жүргізу деректері белгілі болды. Конституциялық заңның  28 бабының 9 тармағының талаптарына сәйкес, мұндай сауалнамаларды тек қоғамдық сауалнама жүргізу бойынша бес жыл өтілі бар,  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, бұл туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса берумен Орталық  сайлау комиссиясына алдын ала жазбаша түрде хабарлаған заңды тұлғалар ғана жүргізе алады.

Орталық  сайлау комиссиясына жіберілген хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын мамандар, сауалнама жүргізетін өңірлер мен қолданылатын талдау әдістері көрсетілуі керек.

Бүған қоса, аталған заң нормасында бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пiкiрге сауал салу нəтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер нəтижелерінің болжамдарын жариялау тəртiбiн бұзуы, атап айтқанда сауал салуды жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген жəне оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау əдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандар санын жəне сауал салу нəтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу – жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғатыны көрсетілген.

Сол сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауал салу нəтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нəтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде жəне дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялау, сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізу – жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғатыны көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жеке және заңды тұлғалар мен ақпарат құралдарын сайлау заңнамасының талаптарын қатаң түрде сақтауға шақырады.


Көзі: yunews.kz