Сергей Доренко қайтыс болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сергей Доренко қайтыс болды

444

Smiley face

Мәскеуде «Говорит Москва» радиостанциясының журналисті және бас редакторы Сергей Доренко қайтыс болды.Қайғылы жағдай туралы марқұмның әріптесі, «Эхо Москвы» радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов баяндап берді.

Венедиктовтың сөзінше, жол полициясында Доренконың мотоциклды басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, бетон қоршауға соғылғанын айтқан. Мәскеу облыстық «360» телеарнасы мотоциклдің алдымен қалай қарсы бағытқа шығып кеткені, содан кейін құлап бара жатқаны түсірілген видеоны жариялады.

Алдын ала болжам бойынша, журналист өткір жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған болуы мүмкін. Бірақ, Доренконың нақты неден қайтыс болғандығы сараптама жүргізілгеннен кейін ғана белгілі болмақ.


Көзі: yunews.kz