Сириядан жеткізілген қазақстандықтардың арасынан 20 адам террорлық әрекеттерге қатысты деген күдікпен қамауға алынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сириядан жеткізілген қазақстандықтардың арасынан 20 адам террорлық әрекеттерге қатысты деген күдікпен қамауға алынды

10 Мамыр 2019, 15:35

Smiley face

 

Арнайы жасақ от пен оқтың арасында қалып қойған 231 қазақстандықты соғыс өрті өршіп тұрған аймақтан аман алып шықты. Арасында жесір қалғаны да, жетім қалғаны да бар.

Арнайы операция Президент пәрменімен жүргізілді. Оған еліміздің Сыртқы істер министрлігі өкілдері мен күштік құрылымдар қатысты. Отанға оралғандардың ұзын-ырғасы – 231 адам. Оның 59-ы әйел, 156-сы өрімдей бала.

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департамент бастығы Бахытбек Рахымбердиев Қазақстанға келген 16 еркек пен 4 әйел террорлық әрекетке қатысты деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

«Олар қылмыстық істерді тергеу орындарына этаппен жеткізілді. Атап айтар босам, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды және Шымкент қалаларына жеткізіліп, қамауға алынды және тергеу амалдары басталды. Қалған 55 әйел балаларымен Ақтау қаласы маңындағы арнайы оңалту орталығына орналастырылды. Онда олар бір айға жуық болып, медициналық тексеруден өтеді. Қазір оларға карантин жарияланды. Бұл адамдармен психологтар, теологтар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері жұмыс жүргізуде. Сол сияқты олардың жеке бастарын айғақтау және құжаттарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департамент бастығы Бахытбек Рахымбердиев.

Гуманитарлық операция – жыл басында жүргізілген «Жусанның» жалғасы. Оған еліміздің Сыртқы істер министрлігі өкілдері мен күштік құрылымдар қатысты. Аталған операция Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан. Бұл жұмыс әлі де жалғаса береді.


Көзі: yunews.kz