Әскери қызметші өз өмірін құрбан етіп, қыз баланы құтқарып қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әскери қызметші өз өмірін құрбан етіп, қыз баланы құтқарып қалды

11 Мамыр 2019, 18:19

Smiley face

ҚР Қорғаныс министрлігі суға батып бара жатқан қызды құтқару кезінде Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 47762 әскери бөлімінің кіші сержанты Ерлан Райымқұловтың қаза болу дәйегін растайды.

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні тапа тал түсте «Газмашаппаратура» бау шаруашылығы ауданында орын алды. Итін құтқарамын деп 12 жасар қыз суға қарғып түсті. Қыз бала суға бата бастады. Батып бара жатқан баланы көріп, кіші сержант Е. Райымқұлов еш ойланбастан қызды құтқаруға кіріседі. Алайда, өзі судан шыға алмай қалады.

Ерланның артынан әйелі мен кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Қаза болған әскери қызметшінің әріптестерінің айтуынша, ол өз қызметін жақсы көрді және өз ісінің нағыз маманы болды. Ол үнемі жоғары жауапкершілік, тәртіптілік, әскери қызметке деген адалдықпен ерекшеленетін. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайныдық пәндері бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, оған сеніп тапсырылған әскери техниканы үлгілі ұстайтын. Достары мен жақындары оны қайырымды және өзгелердің проблемаларына бей-жай қарамайтын адам ретінде естеріне алады.

Ол қамқор әке, керемет отағасы болды. Әкесінің батыл ерлігін мақтан тұта алатын екі ұлды өсірді. Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы және ҚР Қарулы Күштерінің барша жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Ерланның ерлігі әрбір қазақстандық үшін үлгі болып табылады.


Көзі: yunews.kz