Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерін, соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерін, соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

11 Мамыр 2019, 20:05

Smiley face

Жеңіс күнін мерекелеу күні қазақстандық армия әскери қызметшілері Алматы облысының құрметті азаматы, Қазақстан халқы ассамблеясының құрметті азаматы, әскери жазушы, ҰОС-қа қатысушы, отставкадағы полковник Леонид Гирша мен КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, жазушы, ҰОС-қа қатысушы Әбіжәміл Нүрпейісовке І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі табысталды.

Наградалық парақшада Қорғаныс министрінің атынан «Ұлы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеуге орай», Отанға қызмет етудегі адалдығы мен қазақстандық патриотизм рухында жастарға тәрбие беру ісіне қосқан қомақты үлесі, әскери қызметтің беделі мен абыройын арттырғаны үшін деп белгіленген.

Соғыс ардагерлерін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Алғыс сөздерін білдірді, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде, ардагерлер сұрапыл соғыстың ауыр күндері. жауынгерлеріміздің күн сайынғы ерліктері, қиындықтарды қалай еңсергендері, ұрыс пен шайқаста кішкентай болсын жетістікке қол жеткізудің қаншалықты қиын екені туралы айтып берді.

Smiley face

Леонид Юзефович Сталинград пен Курск доғасының тозағынан өтіп, Днепрге аттанып, Украина, Польша, Чехословакияны азат етіп, Берлинге шабуыл жасады. Жеңіске қол жеткізудің айла-тәсіліне қол жеткізіп, Гирш Отанды қорғау деген кәсіп бар екенін ұғынды. Офицер атанып, қалтқысыз қызмет етті, соғыстан кейінгі жылдары Түркістан және Орта-Азиялық әскери округтерде әртүрлі командалық-штабтық лауазымдарды атқарды. Мәскеудегі броньды танкті әскерлер академиясын тәмамдады. Қарулы Күштерде 43 күнтізбелік жыл қызмет атқарды. Отан алдындағы еңбектері үшін Леонид Гирш бес орденмен марапатталды: Қызыл Жұлдыз (екі мәрте), І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, ІІ дәрежелі «Достық» және 35 медальмен. Одан басқа, оның Польша, Чехословакия, Румыния, Украина, Моңғолияның мемлекеттік наградалары бар.

Әбдіжәміл Нүрпейісов – ҰОС-қа қатысушы және танымал қазақ жазушысы, ХХ ғасыр әдебиетін дамытуға сүбелі үлес қосқан аудармашы. Мектеп қабырғасынан ҰОС-тың майданына аттанды. 1942 жылы қалмақ даласындағы соғысқа қатысты. Қысқа мерзімді курсты аяқтағаннан кейін саяси қызметкер Луганскідегі минаатқыш ротасында, кейіннен 137-ші зеңбірек артиллериялық полктің артжабдықтау іс жүргізушісі Курлянд плацдармында Балтық маңындағы соғысқа қатысты. Әбдіжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы және өзге де туындылары 30 шет тілдеріне тәржімаланды. КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты (1974). Қазақстанда бұл жоғары марапатқа үш-ақ жазушы ие. Олар: Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нүрпейісов және Жұбан Молдағалиев.


Көзі: yunews.kz