Петропавлда жолаушылар автобусы бірнеше минутта жанып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлда жолаушылар автобусы бірнеше минутта жанып кетті

11 Мамыр 2019, 18:35

Smiley face

Петропавлда қала ішінде қатынайтын автобус жанып кетті. От тұтанған кезде жолаушылары сыртқа шығып үлгерді.

Қоғамдық көлікте болғандардың айтуынша, алдымен олар қатты жарылыстың даусын естіген. Артынша, автобустың алдыңғы жағынан от лап ете қалыпты. Жүргізуші өртті өшірмекші болған, бірақ қызыл жалын бой бермей кеткен.

Өрт сөндірушілер жеткенше, Қытайда жасалған көлік күлге айналған. Өртке электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.Зардап шеккендер жоқ.


Көзі: yunews.kz