Қазақстанда ең жоғары жалақы кімде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда ең жоғары жалақы кімде

13 Мамыр 2019, 10:05

Smiley face

Мониторинг агенттігі Energyprom.kz Қазақстанда 2019 жылдың бірінші тоқсанында жалақы өзгеруі бойынша қорытынды жасады. Агенттік анықтағандай, Қазақстандағы ең жоғары жалақы - тау-кен саласы қызметкерлерінде: шикі мұнай және табиғи газ өндіру саласында еңбекақы 785,2 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша мәлімделген орташа статистикалық еңбекақыдан 4,7 есе артық – 168,5 мың теңге.

Дегенмен, 2019 жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп саласының барлық қызметкерлерінің жалақысы өсті – енді ол 243,8 мың теңгені құрайды,жыл ішінде өсім 9,2% құрады.

Ең жоғары жалақы — тау-кен өнеркәсібі саласында. Бұл сегменттің қызметкерлері орташа 401,1 мың теңге алады.

Өңдеуші сектордағы орташа статистикалық қызметкердің жалақысы әлдеқайда төмен: 189,2 мың теңге.

Электрмен жабдықтау саласының қызметкерлері орташа есеппен 157,4 мың теңге алады.

Екінші орында-тау-кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер, жалақысы 421,9 мың теңге. Көмір және лигнит өндіру саласында жұмысшылар азырақ алады – 281,4 мың теңге.

БҚО-да тау-кен өндіру және карьерлерді қазу саласында ең үлкен жалақы тіркелген. Орташа айлық атаулы жалақы 1,2 млн теңгені құрады, бұл ҚР-дағы орта қызметкердің жалақысынан 7,1 есе жоғары.

Екінші орында Нұр-Сұлтан: тау-кен саласында жұмыс істейтін қызметкерлер орташа 1,1 млн теңге алып, жылдық өсім 8,1% - ды құрады. Көшбасшылардың үштігін Атырау облысы жабады: мұнда сектордағы жалақы 920,2 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрын 14,3% - ға артық.


Көзі: yunews.kz