Атырауда ғалымдар Жайық өзенінің жай-күйін зерттейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда ғалымдар Жайық өзенінің жай-күйін зерттейді

13 Мамыр 2019, 10:45

Smiley face

Мемлекеттік сатып алу сайтында "Жайық өзенінің ихтиофаунасына тіршілік ету ортасының жағдайын және оның әсерін бағалау бойынша кешенді зерттеулер жүргізу"конкурсы туралы ақпарат пайда болды. Тапсырыс беруші Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасы болып табылады. Жобаның құны 71 млн теңгені құрайды.

Техникалық құжаттамаға сәйкес, зерттеулер Бугорки тондық учаскесінен ағыс бойымен төмен қарай сағалық кеңістікке дейін, сондай-ақ Перетаска ағыны және Күрілкі салындысында жүргізу қажет. Ғалымдар су қоймаларының гидроэкологиялық жай-күйіне, ихтиофауна мен жемдік организмдердің тіршілік ету ортасының токсикологиялық жай-күйіне, балық және т. б. организмдеріндегі патологиялық өзгерістерге талдау жүргізуі тиіс.

Байқауға отандық және шетелдік ғалымдар қатыса алады.  Зерттеулер балықтың жаппай өлуіне ғана емес, сонымен қатар Жайық ихтиофаунасының жалпы жағдайына қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Жоба екі кезеңді көздейді: біріншісі – зерттеу жүргізу, ал екіншісі-қалыптасқан жағдайды түзету бойынша ұсыныстар жасау.

Естеріңізге сала кетейік, Жайықта балық моры 2018 жылдың желтоқсанында басталды. 11 наурызға 111,4 тонна жиналды және кәдеге жаратылды, оның ішінде 103 тонна - бұл екі шаруашылықта жасанды өсірілген бекіре тұқымдас балық түрлері. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінде балық қырылуының факторы аммиактың улы әсері болғанын, ал Жайық өзеніндегі су сынамаларын алу нәтижесінде хлоридтердің шекті рұқсат етілген концентрациясының артуы анықталды. Екі қылмыстық іс қозғалды, оларды тергеу шеңберінде балықтардың өлім-жітімінің нақты себептері анықталуға тиіс.


Көзі: yunews.kz