Қытай кәсіпкерлері Жамбыл облысындағы қой жүніне қызығушылық танытуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қытай кәсіпкерлері Жамбыл облысындағы қой жүніне қызығушылық танытуда

13 Мамыр 2019, 10:54

Smiley face"Атамекен" ҰКП сайтының суреті

Жамбыл облысының кәсіпкерлері Қытай делегациясымен халықаралық меморандумға қол қойды. Қытай Халық Республикасынан келген "Шерстянная Маркетная Компания" ЖШҚ, Жамбыл облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы, Жамбыл облысының жеңіл өнеркәсіп өндірісі қауымдастығы, "Шеберлер мекені" Жамбыл облысының жеңіл өнеркәсіп өндірісі қауымдастығы мен Палата арасындағы төрт жақты ынтымақтастық жаңа мүмкіндіктер беріп, облыстың тоқыма нарығының шекарасын кеңейтеді, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі.

Қытай делегациясы Оңтүстік өңірге "Бір белдеу – Бір жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында келді. Қонақтар Жамбыл өндірісіндегі қой жүнін сатып алуға мүдделі. Жұмыс сапары "ПОШ Тараз" ЖШС фабрикасын аралаудан басталды, ол жүнді алғашқы өңдеумен, жуылған жүнді өңдеумен, ТОПС, ОПЕНТОПС және иірімжіп өндірумен айналысады.

"Қазақстан –жері бай ел, әсіресе жайылымдық жерлер көп. Сіздерде қойды өсіру үшін қолайлы жағдай жасалған. Өздеріңіз білесіздер, өндіріс үшін ең маңызды мәселе-шикізат. Біз ет бағытындағы қойдан жүн алтын қойға өту керек екенін ұсынамыз. Бізде Қытайда мұндай қойларды экспорттауға тыйым салынады, егер болашақта рұқсат беру мәселесі кейінге қалдырылса, Қазақстанға әкелуге және күту әдістерін оқытуға болады", - деді "Нанкин қаласындағы Шерстяная Маркетинг компаниясы" ЖШҚ өкілі Хо Янь.

Содан кейін делегация "Айвенго" ЖШС тігін фабрикасында болды. Кәсіпорын халықаралық сапа стандарттарына сай келетін кең ассортиментті жоғары сапалы заманауи тігін өнімдерін шығаруға маманданған. Сондай-ақ Ұлттық киім тігуге маманданған "Дана Дель" тігін ательесінің ассортиментін зерттеді.

Жұмыс сапары Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында жасалған меморандуммен аяқталды.  Тараптар шағын және орта бизнес өкілдерінің жеңіл өнеркәсіп саласында бірлескен жобалар мен кәсіпорындар құруға жәрдемдесу, екі ел арасында жеңіл өнеркәсіптің жеткізілетін өнімдерін ұлғайту, әкімшілік кедергілерді азайтуға жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.

"Меморандум Президенттің қарапайым заттардың экономикасын дамыту жөніндегі міндеттерін тиімді жүзеге асыруға, экономикалық ынтымақтастықты жандандыру және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы іскерлік қатынастарды дамыту, азаматтардың мүдделі тараптардың экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған көрме-жәрмеңкелік және конгрестік қызметті дамыту мақсатында бірлескен іс-шараларды жоспарлауға және өткізуге мүмкіндік береді. Сондай - ақ, тараптардың іскерлік белсенділігін арттыру, кәсіпкерліктің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу және өнім сапасының төмендігіне қарсы күрес, жеңіл өнеркәсіп саласында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласында тәжірибе алмасу, жеңіл өнеркәсіп саласында кадрлар даярлау және біліктілігін арттыру, Қытай және қазақстандық кәсіпкерлер үшін қызығушылық тудыратын іскерлік ақпарат алмасу бойынша іс-шаралар өткізу", - деді ӨКП директорының орынбасары Айдар Әбдіқадыров.


Көзі: yunews.kz